1-тармақ
1.1 Мәтіндерді әзірлеу және безендіру кезінде жасанды интеллект қолдану
1.2 Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңы
1.3 Дүние жүзінің өзекті карталары
1.4 Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы
1.5 Патриоттық тақырыптағы материалдардың құжаттарға сәйкестігі
1.6 Бірегейлік 65%-дан жоғары
1.7 Автор офертасының шарттарын сақтау
1.8 Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
1.9 Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілері

1.1
  • Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы иллюстрациялар жасау рұқсат етілген, бірақ тек 2.3, 2.5 және 5.2 сапа критерийлерінің талаптарына сәйкес орындаған жағдайда ғана.
  • Басқа жағдайларда ЖИ қолдануға болмайды.
  • Осы тармақтың сақталмауы тексеру парағының 1.7 және 2.3 тармақтарының да бұзылуы болып саналады.

1.2
  1. 2 «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңы
  • Алкоголь мен наркотиктерді көрсетуге тыйым салынған (міндетті түрде сызықпен сылыған болуы керек);
  • Сленг қолданылмаған;
  • Азартты ойындар туралы сөздер жоқ;
  • Азартты ойындар контекстінде иллюстрациялар қолданылмаған;
  • Әдепсіз формулировкалар қолданылмаған;
  • Нацистік символика қолданылмаған (міндетті түрде сызықпен сызылған);
  • Террористік ұйымдардың символикасын қолдануға тыйым салынған;
  • Жалаңаш мүсіндер мен кейіпкерлер жоқ.

1.3
1.3 Дүние жүзінің өзекті карталары
Қазақстан
Мысалы:
Өзбекстан

1.4
  1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы
  • Авторлық құқықтар бұзылмаған;
  • Коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етілген ашық лицензиялары бар бағдарламалар мен сервистер қолданылған;
  • Суреттер мен сервистердің лицензиялары коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген;
  • Материалдардың элементтері қоғамдық игілікте (автордың — жазушының, суретшінің, мүсіншінің, композитордың қайтыс болғанына 70 жыл өтті);
  • Мемлекеттік құрылымдармен әзірлеген емтихан тапсырмалары қолданылмаған;
  • Сауда маркалары (нақты компаниялардың атаулары, логотиптері және т.б.) қолданылмаған;
  • Нақты балалардың немесе ересек адамдардың фотосуреттері мен бейнероликтері жоқ;
  • Нейрожелі арқылы жасалған материалдар қолданылмайды;
  • Infolesson шаблондары арқылы жасалған материалдар қабылданбайды.

1.5
  1. 5 Патриоттық тақырыптағы материалдар құжаттарға сәйкес болуы тиіс
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Жарлығы 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144;

  • Патриоттық тақырыптағы жасанды интеллектпен жасалған қате иллюстрациялар жалған ақпарат ретінде қабылдануы мүмкін, бұл дезинформация тарату қаупін тудырып, заң бұзу әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін.

  • Әскери тақырыптағы тарихи фотосуреттер болса, олар түстік коррекциясыз және басқа да өзгерістерсіз болуы керек.
Арнайы бұйрыққа дейін патриоттық тақырыптағы материалдар тек осы саладағы сарапшылардан қабылданады. Егер Сіз сарапшы болсаңыз, сарапшылығыңызды растайтын құжаттарды біздің поштамызға жібере аласыз: marketplace@infolesson.kz. Сарапшылықты растайтын құжат ретінде орта немесе жоғары білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіби дайындық туралы диплом қабылданады.
Жариялауға келесі иллюстрациялар
қабылданбайды:
  • Шындыққа сәйкес келмейтін ордендер. Мысалы, аппликациялардағы;
  • Әскери техника немесе қару-жарақ;
  • Әскери форма, әскери адамдар, қару-жарақ, техника силуэттері;
  • Нейрожелілермен жасалған әскери формасындағы әскерлер;
  • Әскери формадағы балалар немесе жануарлар;
  • Шындыққа сәйкес келмейтін камуфляжды фондар мен безендіру элементтері;
  • Қазақстан Республикасының тақырыбына қатысты материалдағы басқа елдердің камуфляж элементтері;
  • Әскери қару-жарақ, оның бөліктері, қару, камуфляж, әскери форма және кез келген салынған элементтер. Олар әскери форма, қару-жарақ, қару тақырыбына жатқызылуы мүмкін.

1.6
  1. 6 Бірегейлік 65%-дан жоғары болуы керек
  • text.ru сайтында мәтіннің бірегейлігін тексеруді ұсынамыз.

  • *біз қоғамдық меншікке жататын мәтіндерден, мысалы, ережелер, заңдар, әдеби шығармалар және басқалардан бірегейлік пайызын аламыз. Мысалы, жалпы бірегейлік пайызы 45% болса, мұндай материал қабылданады.

1.7
  1. 7 Автордың оферта шарттарын сақтау
  • Профильде автордың нақты аты, тегі және әкесінің аты көрсетілген (әкесінің аты құжатта көрсетілген болған жағдайда);
  • Әзірлеме автордың жеке шығармашылық еңбегімен жасалған;
  • Құқықтарды беру кезінде материалдарда тек автордың өзі жазған мәтіндері болуы тиіс (ЖИ қолданусыз);
  • Материалға құқықтар авторға тиесілі.

1.8
  1. 8 Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
Мысалы, дінге қатысты тақырыптағы суреттер.



1.9
  1. 9 Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкестігі
  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III.
  2. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ЗРК ҚРЗ.
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы.
  • Ту символын киім элементі ретінде қолдануға болмайды.
  • Қазақстан Республикасының дұрыс емес туы мен елтаңбасын қолдануға болмайды.
  • Ту немесе елтаңбаны бояуға арналған суреттерді жасауға болмайды, себебі олар заңнаманы бұзу ретінде бағалануы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы 1999 жылғы 15
наурыздағы № 349-I.
5. Сіз жариялайтын материалдар әлемнің барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Осыған
байланысты, Сіздің материалдарыңыз басқа елдердің заңдарын және ережелерін бұзбауы тиіс.
© 2025 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс