Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы иллюстрациялар жасауға рұқсат етіледі, бірақ олар 2.3, 2.5 және 5.2 сапа критерийлерінің талаптарына сай болған жағдайда ғана.
Басқа жағдайларда ЖИ қолдануға болмайды.
Осы тармақ сақталмаса, бұл тексеру парағының 1.7 және 2.3 тармақтарының да бұзылуы болып саналады.
1.1 Материалды әзірлеу, мәтінін жазу және рәсімдеу кезінде жасанды интеллектіні қолдану
1.2
1. 2«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңы
Алкоголь мен есірткі заттарын көрсетуге жол берілмейді. Мұндай бейнелер қолданылған жағдайда, олар міндетті түрде сызылып көрсетілуі тиіс.
Сленг қолданылмауы тиіс.
Құмар ойындар туралы айтылмауы тиіс.
Құмар ойындар контексіндегі иллюстрациялар қолданылмауы тиіс.
Ашық әрі әдепке сай келмейтін тұжырымдар қолданылмауы тиіс.
Нацистік символиканы қолдануға жол берілмейді. Мұндай символика көрсетілген жағдайда, ол міндетті түрде сызылып берілуі тиіс.
Террористік ұйымдардың символикасын қолдануға тыйым салынады.
Жалаңаш мүсіндер мен кейіпкерлер болмауы тиіс.
Эмоциялық салмағы ауыр бейнелер болмауы тиіс. Мұндай бейнелер қолданылса, олар арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді және жас ерекшелігіне сай шектеуді қажет етеді.
Құқыққа қайшы әрекеттерге шақыру болмауы тиіс.
Қауіпті мінез-құлықты көрсетуге жол берілмейді.
18+ мазмұнға рұқсат етілмейді.
Егер материалда сезімтал тақырыптар қозғалса, олар тек оқу, профилактикалық, тарихи-мәдени немесе басқа да негізді білім беру аясында ғана ашылуы тиіс: салауатты өмір салты, алғашқы әскери дайындық, биология, қоғамтану, әдебиет, тарих.
1.3
1.3 Дүние жүзінің өзекті карталары
Қазақстан
Мысалы:
Өзбекстан
1.4
1.4 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы
Авторлық құқықтар бұзылмаған;
Коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етілген ашық лицензиялары бар бағдарламалар мен сервистер қолданылған;
Суреттер мен сервистердің лицензиялары коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген;
Материалдардың элементтері қоғамдық игілікте (автордың — жазушының, суретшінің, мүсіншінің, композитордың қайтыс болғанына 70 жыл өтті);
Мемлекеттік құрылымдармен әзірлеген емтихан тапсырмалары қолданылмаған;
Сауда маркалары (нақты компаниялардың атаулары, логотиптері және т.б.) қолданылмаған;
Бала анық танылатын және түсірілімнің негізгі нысаны болып тұрған фото және видео материалдарға жол берілмейді. Бұл талап сток материалдарға қолданылмайды;
Нейрожелі арқылы жасалған материалдар қолданылмаған.
1.5
1.5 Патриоттық тақырыптағы материалдар құжаттарға сәйкес болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Жарлығы 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144;
Патриоттық тақырыптағы жасанды интеллектпен жасалған қате иллюстрациялар жалған ақпарат ретінде қабылдануы мүмкін, бұл дезинформация тарату қаупін тудырып, заң бұзу әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін.
Әскери тақырыптағы тарихи фотосуреттер болса, олар түстік коррекциясыз және басқа да өзгерістерсіз болуы керек.
Арнайы бұйрыққа дейін патриоттық тақырыптағы материалдар тек осы саладағы сарапшылардан қабылданады. Егер Сіз сарапшы болсаңыз, сарапшылығыңызды растайтын құжаттарды біздің поштамызға жібере аласыз: marketplace@infolesson.kz. Сарапшылықты растайтын құжат ретінде орта немесе жоғары білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіби дайындық туралы диплом қабылданады.
Жариялауға келесі иллюстрациялар қабылданбайды:
Шындыққа сәйкес келмейтін ордендер. Мысалы, аппликациялардағы;
Әскери техника немесе қару-жарақ;
Әскери форма, әскери адамдар, қару-жарақ, техника силуэттері;
Нейрожелілермен жасалған әскери формасындағы әскерлер;
Әскери формадағы балалар немесе жануарлар;
Шындыққа сәйкес келмейтін камуфляжды фондар мен безендіру элементтері;
Қазақстан Республикасының тақырыбына қатысты материалдағы басқа елдердің камуфляж элементтері;
Әскери қару-жарақ, оның бөліктері, қару, камуфляж, әскери форма және кез келген салынған элементтер. Олар әскери форма, қару-жарақ, қару тақырыбына жатқызылуы мүмкін.
*біз қоғамдық меншікке жататын мәтіндерден, мысалы, ережелер, заңдар, әдеби шығармалар және басқалардан бірегейлік пайызын аламыз. Мысалы, жалпы бірегейлік пайызы 45% болса, мұндай материал қабылданады.
1.7
7 Автордың оферта шарттарын сақтау
Профильде автордың нақты аты, тегі және әкесінің аты көрсетілген (әкесінің атықұжатта көрсетілген болған жағдайда);
Әзірлеме автордың жеке шығармашылық еңбегімен жасалған.
Автордың екінші аккаунты жоқ.
Материалға құқықтар авторға тиесілі.
1.8
1.8 Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
Материалда Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көзделген талаптардың бұзылуына жол берілмеуі тиіс.
Дінге, дүниетанымға және өзге де сезімтал тақырыптарға қатысты ақпарат бейтарап әрі құрметпен берілуі керек. Мазақ етуге, бір діннің, ұлттың, тілдің, әлеуметтік топтың немесе елдің екіншісінен артық екенін көрсетуге жол берілмейді.
Діни рәміздер, әулиелердің бейнелері, қасиетті мәтіндер мен суреттер сәндік элемент ретінде қолданылмауы тиіс.
1.9
9 Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкестігі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III.
2. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ЗРК ҚРЗ.
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық Заңы.
Ту символын киім элементі ретінде қолдануға болмайды.
Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасының дұрыс емес нұсқаларын қолдануға болмайды.
Ту немесе елтаңбаны бояуға арналған суреттерді жасауға болмайды, себебі олар заңнаманы бұзу ретінде бағалануы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I.
5. Сіз жариялайтын материалдар әлемнің барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Осыған байланысты, Сіздің материалдарыңыз басқа елдердің заңдарын және ережелерін бұзбауы тиіс.
Материал таратылатын елдерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындамемлекеттік шектеулі немесе тыйым салынған субъектілер тізіміне енгізілген тұлғалар мен ұйымдардың материалдарын, сілтемелерін, жеке парақшаларын, арналарын, хаттарын, қаражат жинау бастамаларын және өзге де ресурстарын пайдалануға болмайды.
Материалда қызметіне тыйым салынған ұйымдардың, соның ішінде жағымсыз, экстремистік немесе террористікұйымдардың символикасы, ұрандары, сілтемелері, QR-кодтары, скриншоттары, үгіт-насихат материалдары, оларды бағалауға немесе қолдауға шақырулар болмауы тиіс.
Оқу мақсаты қажет болған жағдайда, мұндай ұйымдар туралы тек бейтарап, тарихи, құқықтық немесе анықтамалық сипатта ғана айтуға рұқсат етіледі. Бұл ретте символика, сілтемелер, қолдауға шақыру және оң баға қолданылмауы тиіс. Материал жарияланар алдында ұйымдардың мәртебесі өзекті ресми тізілімдер бойынша тексерілуі қажет.
Материал таратылатын юрисдикциялардың бірінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы немесе Ресей Федерациясында қызметі шектелген немесе тыйым салынған ұйымдар аталған жағдайда, автор материал сипаттамасына тиісті белгі қоюға міндетті.
Мысалы: Төмендегі мысалдарда «ұйым», «жоба» және «компания сервистері» деген жалпы атаулардың орнына нақты ұйымдардың, жобалардың немесе сервистердің атаулары көрсетілуі қажет.
«Материалда бір немесе бірнеше елдің аумағында (материал таратылатын елді/елдерді көрсету керек) қызметіне тыйым салынған немесе шектеу қойылған ұйым туралы айтылған».
«Ұйымның қызметі бір немесе бірнеше елдің аумағында (материал таратылатын елді/елдерді көрсету керек) жағымсыз деп танылған немесе тыйым салынған».
«Материалда бір немесе бірнеше елдің аумағында (материал таратылатын елді/елдерді көрсету керек) қызметіне қатысты шектеу қойылған компанияның жобасы және/немесе сервистері туралы айтылған».
1.10
1.10 Материалда VPN арқылы тыйым салынған ресурстарды пайдалану және бұғаттауды айналып өту бойынша ұсынымдар болмауы тиіс
Материал таратылатын елдердің аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында тыйым салынған немесе шектеу қойылған ресурстарға қол жеткізуге көмектесетін нұсқауларға, кеңестерге, сілтемелерге, QR-кодтарға, промокодтарға, сервистер топтамасына, баптау скриншоттарына және өзге де материалдарға жол берілмейді.
VPN терминін тек информатика, цифрлық сауаттылық немесе ақпараттық қауіпсіздік сабақтары аясында жалпы техникалық ұғым ретінде ғана қолдануға болады. Бұл ретте баптау жөніндегі нұсқаулар, сервис атаулары және шектеулерді айналып өту тәсілдері берілмеуі тиіс.