Маркетплейс Infolesson

Жеке кәсіпкер туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жеке кәсіпкер туралы анықтаманы алу үшін «Электрондық лицензиялау» (elicense.kz) порталында бірнеше қадам жасау қажет.

1‑ӘДІС

1️⃣ Басты беттен «Сервистер → РД іздеу → Жедел іздеу» бөліміне өтіңіз.

2️⃣ЖСН‑ді енгізіп, қауіпсіздік тексеруінен өтіңіз.

3️⃣ Лупа белгішесін басып, анықтаманы жүктеп алыңыз.
Бұл анықтама сіздің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізді растайды.


2‑ӘДІС

1️⃣ Жеке кабинетте «Алынған қызметтер тарихы» бөліміне өтіңіз

2️⃣ «Менің хабарламаларым» немесе «Хабарламалар» қойындысын таңдаңыз. «Принято в ГО» белгісі бар лупа белгішесін басыңыз.

3️⃣ Құжатты жүктеңіз немесе басып шығарыңыз.

© 2026 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс