САПА КРИТЕРИЙЛЕРІ
6-тармақ
Мультимедиялық материалдар — бұл әртүрлі ақпарат түрлерін қамтитын материалдар: мәтін, суреттер, аудио, видео және анимация. Олар әртүрлі нысандар мен форматтарда ұсынылуы мүмкін.
Анимация
Анимацияланған суреттер немесе бейнероликтер түрінде ұсынылуы мүмкін.


Интерактивті элементтер
Пайдаланушыға материалмен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Мысалы, сұрақтарға жауап беру, жауап нұсқаларын таңдау немесе тапсырмаларды орындау.
Мәтін
Басқа ақпарат түрлерімен, мысалы, суреттермен немесе аудиомен бірге ұсынылуы мүмкін.


Презентация
Барлық жоғарыда аталған элементтерді қамтуы мүмкін және аудитория алдында ақпаратты ұсыну үшін қолданылады.


Электрондық кітаптар
Мәтін, графика, дыбыс және интерактивті элементтерді біріктіреді.
Оқу құралдары мен қосымшалар
Оқу мақсатында әзірленген мультимедиялық материалдар болып табылады.

Назар аударыңыз
Материал дұрыс, қатесіз ашылуы тиіс.
InfoLesson Маркетплейсіндегі мультимедиялық материалдарды жасау қағидалары
  • Барлық интерактивті элементтер белсенді және дұрыс жұмыс істеуі керек.
    Мысалы, сіз презентацияларда еренсілтемелерді қолдансаңыз, олардың барлығы дұрыс жұмыс істеуі керек.
    • Батырманы басқанда келесі слайдқа өту;
    • Батырманы басқанда жауаптарды ашу және т. б.;
    • Дыбысты болса, дұрыс ойнауы;
    • Батырманы басқанда басқа аймаққа өту.
  • Егер Сіздің материалыңыз бейне немесе аудио болса, онда:
    • Сыртқы дыбыстар болмау керек
    • Тұрақты кадр (камера/микрофон бекітілген болу керек)
    • Дыбыстың ауытқуы жоқ
    • Дауыс анық естілуі керек
  • Материалда жасырын аймақтар болмауы тиіс.
    Мысалы, жасырын слайдтар.
  • Техникалық тұтастық
    Әзірлемені пайдалану үшін сатып алушыға басқа бағдарламалық жасақтаманы орнатудың қажеті жоқ.
© 2025 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс