САПА КРИТЕРИЙЛЕРІ
3-тармақ
Тексеру парағының үшінші тармағы мазмұнында немесе жариялау кезінде кездесетін қателіктер туралы.
3-a тармағы. Сипаттама
3-ә тармағы. Мұқаба
3-б тармағы. Әзірлеменің аты
3-в тармағы. Әзірлеменің құрамы

А
Сипаттама
Сипаттамада нені көрсету керек?
  • Материалдың түрін – жұмыс парағы/ойын/жадынама, т.б.
  • Бұл жұмыстың рөлін – білімді бекіту үшін әлде тақырып бойынша жұмыс жасау үшін т.б.
  • Іздеу дұрыс жұмыс істеуі үшін, парақтың атауын осындай тырнақшаға («») қойыңыз

Мысалы:

«Азияның дәнді дақылдары» жұмыс парағы орта мектеп оқушыларына арналған.

"Дәнді дақылдар" тақырыбы жаңа білім мен дағдыларды игеруге ықпал етеді.

Жұмыс парағы 7 тапсырмадан, рефлексиядан және жауап беттерінен тұрады. Барлығы 6 бет: 4 бетте тапсырма, 2 бетте жауаптары жазылған.

1-тапсырма. Викторина

2-тапсырма. Кроссворд

3-тапсырма. Күріш жинау сызбасы

4-тапсырма. Дәнді дақылдардың анаграммалары

5-тапсырма. Азия мен Еуропаның дәнді дақылдарын салыстырмалы талдауы

6-тапсырма. Дәнді дақылдардың атаулары мен сипаттамаларын біріктіру

7-тапсырма. Қорытынды эссе

Күріш дәндерінің рефлексиясы бар

Жұмыс парағы өте жарқын, әйгілі суретшілердің астық туралы иллюстрациялары қолданылған.

Неден аулақ болу керек?
  • Сәлеметсіз бе!» немесе «Қайырлы күн!» сияқты сәлемдесулер;
  • Жеке деректерге немесе жарнамалық мәтіндерге сілтемелер берілмеу керек.
  • Сипаттамалар әзірлемеден әзірлемеге қайталанбау керек. Осындай қайталану іздеу нәтижелеріне кері әсерін тигізуі мүмкін, себебі дубльдер іздеуден шығарылады.
  • Смайликтер мен смайлды білдіретін белгілерді қолдану;
  • Caps Lock-пен жазу. Мысалы, «ӘЛЕУМЕТТІК ПАРАҚША»;
  • Көп сұрақ немесе леп белгісін қолдану. Мысалы, «!!!» немесе «???»;
Ұсыныстар

1. Әзірлеменің атауын сипаттама мәтінінде қайталауды ұсынамыз. Бұл іздеу индексациясын жақсартады.


2. Әзірлеменің мазмұнын сипаттаңыз. Сонда сатып алушылар бұл олардың қажетіне сай материал екенін түсінеді


3. Сипаттамада 1000-1500, бірақ 5000 таңбадан аспайтын символдар енгізу қажет. Мәтінді пішімдеу элементтері Сіз пайдалана алатын таңбалар санын қысқартатынына назар аудару қажет.


4. Сипаттаманы абзацтарға және бөлімдерге бөлу керек.


5. Материалыңыз туралы мүмкіндігінше көп бірегей ақпарат қосыңыз.


Ә
Мұқаба
Мұқаба генераторы

Генератордың шектеулері:


  1. Генератор pdf пішіміндегі файл негізінде жұмыс істейді.
  2. PDF файлдың ең үлкен өлшемі - 50 мб.
  3. Жасалған мұқабалардың ең көп саны - 15 дана. Егер бет саны бойынша материал көп болса, қалған беттер көрсетілмейді.
  4. Біз бір кездері болған генератордың дизайнын қайтара алмаймыз. Қайта құру кезінде дизайн мен материалдың орналасуы, каталогтағы материалдардың әртараптандырылуын қамтамасыз ету үшін кездейсоқ қалыптасады.
  5. Біз түстерді немесе орналасу опциясын таңдай алмаймыз, генератор оларды алгоритмдерге сүйене отырып таңдайды.
Авторлық мұқабалар

Авторлық мұқабаның сапасы:


  1. 1080 * 1080 пиксель. Мұқаба jpg форматында және иллюстрация сапасына сәйкес болуы керек.
  2. Материалдың барлық беттері мұқабаларда көрсетілуі керек. Егер бұл өте маңызды болса сіз жауап бетін жасыра аласыз, бірақ сипаттамада жауаптардың әзірлемеде бар екенін және мұқабада жасырылғанын жазуыңыз керек.
  3. Мұқабаларды өзіңіз жасаған болсаңыз, әзірдемеңіздің басқаларға қарағанда артықшылықтарын көрсетуді ұсынамыз.
  4. Мұқабалар кесілмеуі немесе бұрмаланбауы керек.
  5. Бір материалға ең көбі 15 мұқаба.

Б
Әзірлеменің аты
Нені көрсету маңызды?
  • Материал түрін — жұмыс парағы/ойын/естелік және т.б.
  • Материал тақырыбын
  • Дұрыс іздеу жүйесі үшін атауын тырнақшаға («») алу қажет
Неден аулақ болу керек?
  • Смайликтерден;
  • Белгілерден. Мысалы, !!! немесе ???;
  • Caps Lock арқылы жазудан. Мысалы, ҚОҒАМТАНУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ПАРАҒЫ;
  • Қате жазудан.

В
Әзірлеменің құрамы
Егер бірнеше файлды жүктеу қажет болса, оларды zip форматындағы архивке біріктіру керек, себебі rar файлы көптеген құрылғыларда ашылмайды.
Құрама әзірлемелерге не қосу маңызды?

  • ИНұсқаулықты;
  • Басып шығаруға арналған файлдарды;
  • Экранда көрсетуге арналған файлдарды;
  • Сабақ/ойын өткізу немесе жобаны орындау үшін қажетті қосымша элементтерді көрсету.

Мысалы: ойындар, лэпбуктер, сабақтар жинағы және т.б.


Материал толық болуы керек және оның мазмұнында айтылған барлық әдістемелік элементтерді қамтуы тиіс.Генератордың шектеулері

Әдістемелік материалдарға арналған нұсқаулықтар:
  • Для учителя. Инструкция для учителя является важным элементом, который помогает организовать и провести занятие эффективно и результативно. Она содержит подробное описание процесса обучения, целей и задач, методов и приемов работы, а также рекомендации по использованию предоставленных материалов.
  • Для ученика. Помогает ученику подготовиться и понять алгоритмы действий для достижения результата, а также служит поддержкой самостоятельности ученика. Например, инструкция к дидактической игре должна содержать подробное описание процесса игры, цели и задачи, методы и приемы работы, а также рекомендации по использованию материалов.
© 2026 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс