INFOlesson маркетплейсі
Материалдар түрлері

2.5
  • 2.5. Әзірлеменің мазмұны материал түрлеріне қойылатын талаптарғы сәйкес болуы тиіс.
НАРАЗ АУДАРЫҢЫЗ
Аталған тармақ келесі талаптардың сақталуын көздейді:

  • Әрбір материалыңыздың безендірілуі мен мазмұны кемінде 60% бірегей болуы тиіс. Бұл дегеніміз – қазіргі жүктелген материалыңыз бұрын жариялаған материалдардан осы көрсеткіш бойынша 60%-ға ерекшеленуі қажет.
  • Материалдың нақты түріне қойылатын талаптарды сақтау қажет. Оларды төменде таныса аласыз. Әр материал түріне қойылатын өз талаптары бар және оларды толық көлемде орындау қажет.






  • Назар аударыңыз, кейбір материал түрлері тек бір ғана ынтымақтастық түрі бойынша (жүктеп алу үшін төлем немесе бір жолғы төлем) жариялауға қолжетімді.
Адвент-күнтізбесі
Адвент-күнтізбесі — бұл мерекеге, әдетте Жаңа жылға дейінгі күндерді санауға көмектесетін арнайы күнтізбе. Онда әрқайсысы бір күнге сәйкес келетін ұяшықтар бар (көбінесе терезе түрінде). Әр ұяшықтың ішінде кішкентай тапсырма немесе қызықты факт жасырылған. Мұндай күнтізбелер мерекелік көңіл-күй тудырып, мерекені күту уақытын қызықты етеді.

Адвент-күнтізбесінде кемінде 2 әртүрлі бет болуы тиіс.
Анкеталар, сауалнамалар
Бұл арнайы бір немесе бірнеше парақтан тұратын құжаттар, оларды респонденттер толтырылады.
Мәліметтер сұрақтарға жауап беру арқылы жиналады.
Көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Аудио
Сіз подкаст, аудиодәріс, өзіңіз жасаған музыкалық шығарма және т.б. жазып жүктей аласыз.
1. Дыбыс сапасы:
  • дауыс пен дыбыс анық естілуі тиіс, бұрмаланусыз;
  • дыбыстау үшін нейрожелі пайдаланылмаған
  • бөгде дыбыстар болмауы керек.
2. Мұқаба:
  • автордың өзі әзірлеуі керек және сапа критерийлеріне сай болуы қажет.
3. Ұзақтығы:
  • кемінде 10 минут болуы керек. Сіз бірнеше аудиофайлдан тұратын жинақ жазсаңыз болады. Егер жалпы ұзақтығы 10 минуттан асса, жинақ модерациядан сәтті өтеді.
Ашық хаттар
Материал толығымен деректерді толтыруға арналған өрістермен бірге, автордың өзі жасаған дизайнерлік безендіруі бар шаблон болуы тиіс.
Жариялауға тек 3 немесе одан да көп әртүрлі безендіруі бар ашықхаттар жинақтары қабылданады. Бұл түрдегі материал «Қосымша білім және сыныптан тыс жұмыс» — «Мерекелер мен естелік күндер» саласына жатқызылуы қажет.
Ақпараттық стенд (папка-передвижка)
А4 форматындағы беттер жиынтығынан тұрады.
Кемінде 5 безендірілген бет болуы тиіс. Міндетті түрде графикалық безендіру (иллюстрациялар, графикалық элементтер) қажет.
Бірінші бетте міндетті түрде тақырып болуы тиіс.
Материал ақпараттық және білім беру мақсатын көздейді, бір тақырып аясында біріктірілген.
Дайын күйінде арнайы папкаларға салынады немесе қатты қағазға (картонға) басылып, стендтерге немесе басқа да көрнекі беттерге орналастырылады.
Негізінен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылады.
Егер материалда сұрақтар болса, оларға міндетті түрде жауаптар берілуі тиіс.

Бақылау жұмыстары
Бақылау жұмыстары – бұл белгілі бір пәннің тақырыбы, бөлімі, тоқсаны немесе жылы аяқталғаннан кейін білімді қорытынды тексеруге арналған материалдар.

Егер материал ағымдағы білім деңгейін тексеруге арналса (тақырып, бөлім, тоқсан немесе жыл қорытындысы емес), онда мұндай материал өзіндік жұмыс немесе тексеру жұмысы ретінде қарастырылады.
Бұл әдістемелік әзірлемелер де осы материал түріне жатады, бірақ атауы «өзіндік жұмыс» немесе «тексеру жұмысы» болып көрсетілуі тиіс.
Мысалы, 10-сынып физика курсында 5 бөлім және осы бөлімдердің ішінде 12 тақырып бар. Бұл курс бойынша барлығы 18 бақылау жұмысы болуы мүмкін: 12 тақырыптық бақылау + 5 бөлім бойынша бақылау + 1 жылдық бақылау. Ал бөлімше деңгейіндегі білімді тексеруге арналған барлық басқа материалдар өзіндік жұмыстарға жатқызылуы керек.

  • Материалда кемінде 2 нұсқа болуы керек.
  • Әр нұсқада механикасы әртүрлі кемінде 6 тапсырма болуы тиіс.
  • ✳️Бақылау жұмысының әр нұсқасында тек бір ғана жауапты таңдауға арналған тапсырма болуы тиіс.
Бейдждер, биркалар
Бейдж — бұл киімге бекітілетін шағын карточка немесе төсбелгі. Ол иесі туралы ақпаратты қамтиды, әдетте аты-жөні, лауазымы немесе қандай да бір ұйымға қатыстылығы көрсетіледі. Бейдждер адамдарды тану мен танысуды жеңілдету үшін іс-шараларда, конференцияларда, көрмелерде қолданылады. Сонымен қатар олар педагогикалық және педагогикалық емес қызметте де қолданылуы мүмкін. Кемінде 3 толық әрі мазмұны әртүрлі бет ұсынылуы қажет.

Бирка — бұл затқа/тауарға бекітілетін шағын қағаз парағы (карточка). Биркада зат/өнім туралы қысқаша ақпарат беріледі. Сонымен қатар, олар жекелендіру үшін де пайдаланылуы мүмкін — мысалы, сыйлықтарға арналған, алушы мен жіберушінің аты көрсетілген биркалар. Кемінде 3 толық әрі мазмұны әртүрлі бет ұсынылуы қажет.
Бейнероликтерді білімнің әртүрлі салаларында жасауға болады. Біз сіздерге қандай оқыту контентін видео түрінде ұсынуға болатыны туралы бірнеше идея дайындадық, бірақ бұл тізіммен шектелмейміз — сіздердің нұсқаларыңыз да қабылданады.

Ажыратылымдылығы:
  • 1920×1080p (HD) немесе одан жоғары;
  • жиілігі – секундына 24 кадрдан кем емес.
Дыбыс:
  • дауыс анық естілуі керек (ол бар болғанда);
  • бөтен шу болмауы тиіс;
  • микрофон орнықтырып қойылуы қажет.
  • нейрожелімен жасалған бейнежазбалар қабылданбайды.
  • бейнероликтер дыбыссыз болуы мүмкін (егер бұл ақпаратты қабылдауға кедергі келтірмесе).

Кадр:
  • камера қозғалмай тұруы керек;
  • көлденең (горизонталды) бағдарда түсірілуі тиіс.
Ұзақтығы:
  • кемінде 2 минут болуы керек;
  • жас ерекшеліктері мен сабақтың ұзақтығына назар аударуға кеңес береміз.
Толығырақ
Бетбелгілер, мұқабалар
Бетбелгілер мен мұқабалар қызықты фактілерді, мини-анықтамалықтарды, дәйексөздерді, әйгілі ғалымдар/жазушылардың өмірінен фактілерді және т.б. қамтуы мүмкін.
Материал автордың өздігінен әзірлеген дизайнерлік безендірумен болуы тиіс.
Жариялауға тек 3 бетбелгіден немесе 3 мұқабадан тұратын жиынтықтар немесе олардың әртүрлі безендіруі бар комбинациялары қабылданады.
Дизайнды жасағанда аудиторияның жас ерекшеліктерін ескеріңіз.
Мұндай материалдар тек жүктеу моделі бойынша қабылданады.
Бұл материалдарды басқа типтерге орналастыру оферта шарттарын бұзу болып табылады, мұндай материалдар жариялаудан алынып, олар бойынша құқықтарды сатып алу тоқтатылады.
Бетперде
Кемінде 5 әртүрлі бетперде.
Әр бетперде бекітудің екі нұсқасының бірін қарастыруы керек:
  • бетпердені бекітуге арналған қағаз жапсырмалары бөлек парақта орналасуы керек (кесіп алып, бетпердеге жапсыру үшін);
  • немесе жіп не резеңке өткізуге арналған тесіктер болуы керек, олардың айналасы толықтай пунктир сызықпен белгіленуі тиіс (кесіп алу жеңіл болуы үшін). Бетпердеде көзге арналған тесіктер болуы тиіс.
Бетперде баланың басына сай болуы керек. Персонаждың мойны болмауы тиіс.

Сипаттамасында да, атауында да бетпердені қалай қолданылатыны көрсетілуі тиіс.
Егер ол бетке арналған бетперде болса, көзге арналған ойықтар болуға тиіс.

Бояулар
Бояулар — бояуға арналған контурлы сурет. Иллюстрациялар саны — кемінде әртүрлі 10 бояулар (бір-біріне ұқсамайтын).

Осы түрге тек боляулар ғана жатады. Тапсырмаға немесе жинаққа кіретін бөлек бояулар осы түрге жатпайды.

  • Бояу шындықты бұрмалауға, визуалдық қателерге жол бермеуі тиіс.
  • Бояу авторлық туынды болуы керек. Нейрожелі суреттерін пайдалануға болады, бірақ міндетті түрде авторлық өңдеулер енгізілуі керек (визуалды элементтер қосу/алып тастау, графика, жақтау және т.б.). Мысалы, мәтін қосу, суреттерді біріктіру және т.б.
  • Иллюстрацияда бояуға арналған бос орын болуы тиіс. Материалдарда қараңғы элементтер көп болмауы тиіс; ақ аймақтың үлесі кемінде 80% болуы қажет. Бояу тек контурлы, көлеңкесіз және қара толтырусыз болуы керек.
  • Контурдің қалыңдығы — ең көп дегенде 2 мм.
  • Сурет бет аумағының 90% астамын қамтуы қажет.
  • Сызықтар толық жабық болуы тиіс.
  • Бояуларда барлық иллюстрациялар әртүрлі болуы тиіс. Бір ғана кейіпкерді әртүрлі сюжеттерде қолдануға рұқсат етіледі (мысалы, кірпі тамақ әзірлейді, кірпі билеп жатыр және т.б.).
  • Бояуларда бірегей сюжеттер болуы керек.
  • Бояуларға авторлық мұқаба жасалуы керек.
Бойөлшегіштер, бойға шақталған фигуралар
Бойға шақталған фигуралар – бұл сегменттерге бөлінген материал, оны құрастыру үшін жекелеген бөліктерін біріктіру (жабыстыру) қажет. Масштабы 1:1, дайын материалдың бейнесі мұқабада (сыртқы бетінде) көрсетілуі тиіс.

Өсу биіктігі ересек адамның бойымен бірдей болуы керек (кемінде 150 см).
Қағаздан жасалған ою (вытынанки)
Қағаздан жасалған ою (вытынанки) — бұл қағаздан, картоннан, фольгадан немесе жұқа пластиктен ойып жасалатын ажурлы бейне (филиграндық қиып ою әдісі).

  • Материалда қиып алуға арналған түрлі элементтері бар кемінде 5 парақ, сондай-ақ материалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс.
  • Оюдың контурында орындауды қиындататын тым ұсақ өрнектер немесе өте жіңішке қосылыстар болмауы керек.
  • Қағаздан жасалған оюды жасау кезінде тек контурды (қиылатын сызықтарды) пайдаланыңыз. Фонды және пішіндеді қара түспен немесе кез келген басқа түспен бояуға болмайды. Қиып алынатын элементтерді белгілеу үшін сұр түс, штрих немесе нүктелер қолдануға рұқсат етіледі. Бірақ қара түсті қолдануға болмайды (басып шығару кезінде бояуды үнемдеу үшін).
Грамоталар, дипломдар, медальдар, алғыс хаттар
Санаттарды таңдағанда грамот, диплом, медальдер мен алғыс хаттардың тағайындалу мақсатына негізделіңіз. Мысалы:
  1. Мерекелерге арналған: «Педагогика» → Педагогическое» → «Дополнительное образование и внеурочная деятельность» → «Праздники и памятные даты» - деп таңдаңыз.
  2. Тек балаларға арналған грамота: «Педагогическое» → «Воспитательная работа» → «Классному руководителю».
  3. Педагогикалық емес материалдар: «Хобби и досуг» → «Другое».
  4. Жазғы лагерге арналған: «Педагогическое» → «Дополнительное образование и внеурочная деятельность» → «Летний лагерь».
Бұл толық тізім емес – санаттау тәсілдері көп болуы мүмкін.

Назар аударыңыз!
Грамоталар, дипломдар, медальдар міндетті түрде осы санатқа салынуы тиіс, олар тек жүктеу моделінде қабылданады. Басқа санаттарға қою оферта талаптарын бұзу болып саналады: мұндай материалдар жарияланудан алынып тасталады.

Материал мынадай талаптарға сай болуы керек:
  • Өзіңіз дайындаған дизайнмен безендірілген;
  • Деректерді толтыруға арналған бос орындары/жолдары болуы қажет,
  • Толтыруға арналған жеткілікті орын болуы керек,
  • Жариялауға тек 3 грамотадан, 3 дипломнан немесе 3 медальден тұратын жинақтар немесе олардың әртүрлі дизайнерлік безендіріуі бар комбинациясы ғана қабылданады.
Дидактикалық ойындар
Бұл материал түріне баспа негізіндегі ойындар жатады. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде нұсқаулық болуы керек.
Ойынның ең аз ұзақтығы: кемінде 10–15 минут.

Диктанттар
Диктанттар — оқушылардың білімін бекітуге және тексеруге бағытталған жазбаша жұмыс материалдары. Олар кез келген сыныптарға арналған қазақ тілі диктанттары түрінде де, сондай-ақ басқа пәндерге арналған түрлі диктанттар: математикалық, графикалық, географиялық диктанттар және т.б. болуы мүмкін.

Мәтінді көшіріп жазу түріндегі тапсырмаларды диктанттарға жатқызу қажет.

Кез келген пәндер бойынша, соның ішінде математика, география және басқа пәндердегі диктанттар кемінде 2 бет көлемінде болуы керек (+ жауаптары).
Жапсырмалар, этикеткалар және қаптамалар
Жапсырмалар дәптерлерге, күнделіктерге жапсыру үшін немесе стикерлер мен мотивациялық жапсырмалар ретінде жасалуы мүмкін.

Этикеткалар мен қаптамалар — бұл қаламсаптарға, дәптерлерге және басқа да заттарға басып шығару және одан әрі безендіру үшін арналған дайын үлгілер.

Оқу дәптерлеріне арналған жапсырмалар тек «Жапсырмалар» түріне ғана жүктелуі тиіс.
Материалды рәсімдеген кезде автордың өзі жасаған дизайнерлік безендіру қолданылуы тиіс. Жариялауға тек әртүрлі дизайндағы 3 және одан көп әртүрлі иллюстрациядан тұратын жапсырмалар, этикеткалар немесе қаптамалар жиынтығы қабылданады.


Жұмыс парақтары
Материал, бірнеше тапсырмаларды қамтитын нақты тақырып бойынша жасалуы керек. Механикасы әртүрлі кемінде 6 тапсырма болуы керек. Олардың жалпы орындалу уақыты кемінде 15 минутты құрауы керек. Жұмыс парағы безендірілуі қажет (шеңберлер, визуалды бөлгіштер, айқын бөлінген элементтер, иллюстрациялар).
Материалдың әр бетінде тақырыпқа қатысты кемінде 2 түрлі иллюстрация болуы тиіс.
. Иллюстрациялар жас ерекшелігіне және материалдың тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Жауаптар берілген бетте иллюстрациялар міндетті емес.
Жадынамалар, буклеттер
Жаднама — бұл қысқаша, маңызды ақпаратты есте сақтау үшін арналған материал. Әдетте, жаднамада белгілі бір әрекеттерді орындау, ережелерді есте сақтау немесе тез арада қажетті ақпарат алу үшін құрылымдалған нұсқаулар немесе кеңестер беріледі. Ол жиі графикалық элементтермен немесе иллюстрациялармен толықтырылады,
Буклеттің жадынамадан айырмашылығы, буклет бір немесе бірнеше рет бүктеледі.
Материал кем дегенде 1 толық толтырылған беттен тұруы тиіс.

Жұмыс дәптерлері
Материал, бірнеше тақырып бойынша тапсырмаларды қамтитын, екі және одан да көп сабаққа (сағаттарға) есептелген. Кемінде 10 толық толтырылған бет болуы тиіс. Тақырыптар визуалды түрде безендірілген.

Зертханалық жұмыстар
Зертханалық жұмыс — сабақ өткізуге арналған материал, оның барысында тәжірибе жүргізіледі. Зертханалық жұмыстардың тақырыптары нақты пәннің бағдарламасында көрсетілген. Кемінде 2 толық толтырылған бет болуы тиіс.

Практикалық жұмыс — бұл материал білімді іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Практикалық жұмыстардың тақырыптары нақты пәннің бағдарламасында көрсетілген.

Зертханалық және практикалық жұмыстарда механика бойынша кемінде 6 түрлі тапсырма және тақырыпқа сай кемінде 2 түрлі иллюстрация болуы қажет.

Интеллект-карталар
Бұл бір тақырып бойынша ерекше түрде визуалды құрылымдалған ақпарат. Ол есте сақтауға және мағыналық блоктарды логикалық байланыстыруға көмектеседі, тақырып бойынша негізгі және ең маңызды ақпаратты қамтиды.
Интерактивті ойындар мен викториналар
Интерактивті ойындар мен викториналарда креативті дизайн болуы керек.

Интерактивті ойын — бұл компьютерде жұмыс істеу, проектор арқылы көрсету немесе интерактивті тақтада көрсету үшін интерактивті элементтерді қамтитын ойын.
Викторина — білімді ойын формасында тексеруге арналған интерактивті материал.

Форматтары:
  • Презентация
  • Алдын ала жазылған видео
  • .exe файлы
Минималды тапсырмалар/сұрақтар саны: кемінде 10.

Егер викторина баспа нұсқасында сұрақтар мен жауаптар түрінде ұсынылса, оны «Сауалнамалар, анкета» түріне жатқызу қажет.
Слайдтар материалда 16:9 өлшемінде болуы керек.

Картотека
Картотека — жалпы тақырыппен және/немесе дидактикалық тапсырмамен біріктірілген жүйеленген карточкалар жиынтығы.

Бір жиынтықта кемінде 10 карточка болуы тиіс. Сонымен қатар, бір бетте карточкалардың саны 4-тен аспауы қажет.
Квест
Квест — ойын элементтері бар тапсырмалар жинағы. Мұнда қатысушылар сюжетті дамытып, мақсатқа жету үшін автор белгіленген маршрутты өтіп, әртүрлі тапсырмаларды баспа немесе электрондық материалдарды пайдалана отырып орындауы тиіс.

Квестте кемінде 5 әртүрлі механикадағы тапсырма болуы қажет.

Квесттің минималды ұзақтығы: 20 минут.
КТЖ, оқу бағдарламасы
Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау (КТЖ) және оқу бағдарламасы — бұл мұғалімнің пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру үшін әзірлейтін құжаты.
КТЖ-ның мақсаты:
  • оқу бағдарламасында қарастырылған оқу материалының мазмұнын сабақтарға бөлу;
  • зертханалық жұмыстарды, практикалық және бақылау сабақтарын жоспарлау;
  • оқушылардың үй тапсырмаларының, өзіндік жұмыстарының тең бөлінуін анықтау.
КТЖ нақты оқу кезеңіне жасалады. Құқықтарды беру арқылы тек бір жылдық КТЖ қабылданады.
КТЖ көлденең (альбомды) форматта кесте түрінде ұсынылуы тиіс.
КТЖ құрамында болуы керек:
  1. Пән атауы
  2. Жоспарлау тақырыптары
  3. Сабақ реттік нөмірлері
  4. Сабақтың мазмұны
  5. Терминдер мен түсіндірмелері
  6. Сағат саны
Оқу бағдарламасы— бұл мұғалім әзірлейтін және оқу жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат.
Оқу бағдарламасында оқытудың мақсаты мен міндеттері нақты айқындалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес мазмұн мен күтілетін нәтижелерге қойылатын өзекті талаптар ескеріледі.
Оқу бағдарламасы келесі құрылымнан тұрады:
  • титулдық бет;
  • түсіндірме жазба;
  • оқу курсының негізгі мазмұны;
  • білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ;
  • күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау;
  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету тізімі;
  • қосымшалар (қажет болған жағдайда).
🟢Тәрбие жұмысының жоспарлары мен нақты бір пәнге қатысы жоқ басқа да тақырыптық, күнтізбелік жоспарлар «Құжаттама / Документы» түріне орналастырылуы тиіс.

Тек оқу пәндеріне арналған КТЖ/Оқу бағдарламасы қабылданады.
Карточкалар
Карточкалар – 5 минуттық, тренажерлар, гармошкалар, дидактикалық карточкалар және басқа да карточкалар түрлері болуы мүмкін.

Бұл материал түрі білімді жылдам тексеру немесе дағдыларды жаттықтыру үшін арналған.

Карточкалар әдістемелік құндылыққа және білім беру мақсаттарына ие болуы тиіс. Карточкалардың мақсаты — оқушылардың білімдерін бекіту мен тексеру.

  • Бес минуттық карточкаларда жалпы саны кемінде 6 тапсырма болуы тиіс. Мысалы, әртүрлі механика қолданылған 2 нұсқаның әрқайсысында 3 тапсырмадан болуы мүмкін.
  • Егер карточкадағы барлық тапсырмалар біркелкі болса (мысалы, теңдеулерді шешу), кемінде 6 нұсқа әзірлеу керек.
  • Бүкіл материалдағы тапсырмалардың жалпы саны – кемінде 50.

  • Егер бұл флеш-карталар немесе карточка-сорбонка болса, жинақта кемінде 20 карточка болуы керек.
  • Бір беттегі карточкалардың ең көп саны – 6 дана. Қаріптің өлшемі – кемінде 16 пт. Әрбір карточка иллюстрация мен мәтіннің үйлесімінен тұрады.

  • «Карточка-гармошка» құрамында әртүрлі механикамен орындалатын кемінде 6 тапсырма болуы тиіс және оны басып шығарғаннан кейін оқушы бүктеп, гармошка түрінде пайдалануы көзделеді.
  • Оқушыларға дидактикалық ойын барысында таратылатын карточкалар «Дидактикалық ойындар» түріне жатқызылады.

МАК карталарына қойылатын талаптар:
  1. Жинақта кемінде 30 карточка болуы керек;
  2. Пайдаланушыға арналған нұсқаулық қоса берілуі тиіс;
  3. Белгілі бір сұранысқа (темаға) сәйкес келетін бірегей атауы болуы қажет;
  4. Барлық суреттер бір стильде орындалған болуы керек.
Компьютерлік бағдарламалар
Құрылғыда жүктеп алып, іске қосуға арналған файл. Бұл орындалатын файл түрінде сақталған бағдарлама болуы мүмкін.
Кемінде 6 түрлі механикаға негізделген тапсырма болуы тиіс.
Нұсқаулық міндетті түрде қоса берілуі керек.
Конспектілер
Конспект — сабақ өткізудің құрылымдалған жоспары, сабақтың мәтіндік сценарийі, белгілі бір пән бойынша кез келген тақырыпқа арналған қысқаша мәтіндік ақпарат.

Материал мәтіндік түрде немесе графикалық элементтермен безендіріліп ұсынылуы мүмкін.

Жариялауға тек кем дегенде 1 толық ақпаратпен толтырылған беттен тұратын конспектілер қабылданады (кемінде 200 сөз).

Нейрожелі арқылы жасалған материалдар қабылданбайды.
Контурлық карталар
Контурлы карта — бұл тек географиялық объектілердің контурлары, өзендердің сызықтары, елдердің шекаралары, кейбір қалалардың пунсондары бар карта, бірақ жазбалар жоқ. Картаға жұмыс жасауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар жүйесі бар. Контурлы картаны автор жеке өзі сызуы керек.
Кроссворд, лабиринт, пазл, ребус
Осыған филвордтар, сканвордтар, судоку және басқа ұқсас ойындар да кіреді.
Дизайн және типография ережелеріне назар аударыңыз:
  • Материал бетінде үлкен бос орындар болмауы керек;
  • Бет мәтіндік немесе графикалық ақпаратпен біркелкі толтырылуы тиіс.
Кроссвордтар мен ребустарда логикалық және фактілік қателіктерден аулақ болу керек және оларда нақты шешім болуы қажет.

Материалдар міндетті түрде жауаптармен бірге бөлек бетте берілуі тиіс. Пазлдар жеке бөліктер түрінде бетке орналастырылуы тиіс. Паззлдарға жеке бөліктерге бөлінбеген дайын иллюстрацияны қосу қажет (оқушыларға үлгі ретінде).

Кроссвордтар, филвордтар және осыған ұқсас материалдар кемінде 10 сұрақтан тұруы тиіс.
Паззлдар кемінде 5 иллюстрациядан тұруы керек, лабиринттер мен ребустар - кемінде 3 толық толтырылған беттен тұруы керек, жауаптарды қоспағанда.

Бұл материал түрі тек әрбір жүктеу үшін төлем моделі бойынша қабылданады.
Осы түрлердің кез келгенін басқа фильтрлерге орналастыру авторды бұғаттауға әкеледі.

Кабинетті безендіру (плакаттар, жалаушалар, созылулар, гирляндалар, фотобутофория)
Бұл түрге мерекелерге арналған безендіру элементтері, пәндер бойынша оқу плакаттары жатады. Қорытынды материал білім беру мақсаттарына немесе тәрбиелік сипатқа ие болуы тиіс.

Жариялауға (мысалы: баннер, плакат, жалаушалар сияқты) тек 2 түрлі материалдардан тұратын, авторлық ерекше безендіруі бар материалдар жиынтығы қабылданады.

Плакаттарда тек иллюстрациялар ғана емес, мәтіндік ақпарат та болуы керек.

Егер безендіру әзірлемесі сценарийді қамтитын болса, «комплекттер» типін таңдаңыз.


Көркем жазу
Көркем жазу — бұл жазу дағдыларын жаттықтыру және когнитивті дағдыларды дамыту үшін арналған баспа оқулық.
Каллиграфиялық жазу үлгілері (әріптер, сандар, иероглифтер және басқа да таңбалар) үшін контурлар мен үлгілер бойынша жазу жаттығуларын орындауға арналған. Материал кемінде 3 толық толтырылған беттен тұруы тиіс.
Қысқаша мазмұны
Қысқаша мазмұнда келесі аспектілер көрсетілуі керек:
  • Әдеби шығармадағы негізгі оқиғалар, идеялар мен ойлардың қысқаша баяндалуы;
  • Негізгі сюжет;
  • Сюжеттің басты сәттері мен бұрылыстары.
Қосымша негізгі кейіпкерлер мен олардың әрекеттеріне қысқаша сипаттама беруді, сондай-ақ шығарманың басты ойын жазуды ұсынамыз.
Жариялауға қабылданатын материалдар кемінде 1 толық толтырылған беттен тұруы керек, материалды автордың өзі жазған болуы тиіс, ИИ қолданылмауы қажет.
Шамалап көрсетілген көлем
  • Ертеңгілік, мысал - 0,5-1 бет
  • Әңгіме - 2-3 бет
  • Повесть - 5-6 бет
  • Пьеса - 1 толық беттен бастап
  • Ода, поэма - 1-2 бет
  • Роман — 6 беттен бастап
Лэпбуктер, флэпбуктер
Лэпбук — белгілі бір тақырыпқа арналған материал жиналатын қолдан жасалған интерактивті папка. Мұндай материалда белгілі бір тақырып бойынша жүйеленген ақпарат көрсетілетін түрлі қозғалмалы элементтер болады. Лэпбуктың құрамдас бөліктері мыналар болуы мүмкін:

  • стандартты қалташалар;
  • қарапайым және пішінді конверттер;
  • гармошка тәрізді қалташалар;
  • кітапша тәрізді қалташалар;
  • терезелер мен есіктер;
  • айналмалы бөлшектер;
  • көлемді бөлшектер;
  • карточкалар;
  • пазлдар;
  • жазбалар үшін таза беттер және т. б.
Материалда құрастыруға арналған нұсқаулық пен дайын лэпбуктың үлгісі (фотосурет немесе графикалық бейне) болуы тиіс. Қозғалмалы құрамдас элементтердің саны кемінде 10 болуы қажет.

Мақала
Мақала — белгілі бір тақырыпты ашатын авторлық аналитикалық немесе ақпараттық мәтін.

Мақалада тақырыпаты болуы керек және мазмұнын сипаттайтын 2 абзацтан тұратын қысқаша аннотация берілуі қажет.

Мақалада қорытындылар, мәселенің талдауы, практикалық тәжірибенің жинақталуы, бірегей әдістемелерді ұсыну немесе авторлық позицияны дәлелдейтін аргументация болуы тиіс.

Жариялауға тек кемінде 2 толық ақпаратпен толтырылған беттен тұратын материалдар қабылданады (кемінде 600 сөз), Авторлық мақала. Нейрожеліні пайдаланбай жасалған.
Материалдар жинақтары
Жинақ бірнеше материал түрлерін қамтуы мүмкін.

Назар аударыңыз, бояу парақтары тек «Бояулар» түріне жатады. Егер олар жинақ құрамында болса, бұл туралы материал сипаттамасына жазыңыз.

Құқықтарды беру арқылы жарияланатын жинақ құрамында тек құқықтарды беруге рұқсат етілген материалдар болуы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, жинақ жүктеп алу формасында жарияланады.

✳️Жинақтар тек материалдардың түріне қойылған талаптарға сәйкес келетін материалдардан тұруы тиіс.

Презентациялар
Презентация — бұл әдетте pptx немесе ppt форматындағы материал, ол тақырыпты визуалды түрде ұсынуға арналған.
Презентация мәтіннің, гиперсілтемелердің, компьютерлік анимацияның, графиканың, бейнероликтің, музыка мен дыбыстың үйлесімі болуы мүмкін, олар біртұтас ұйымдастырылған болуы керек.
Материалдың тақырыбы толық ашылуы үшін, презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы тиіс. Әрбір слайд мәтіндік және графикалық ақпаратпен 80%-дан артық толтырылуы керек.
Бірінші слайдта презентацияның мұқабасы (тақырыбы) көрсетіледі.
Бірінші слайд — презентацияның мұқабасы (тақырыбы).
Презентацияда материал тақырыбына қатысты кемінде 2 түрлі иллюстрация болуы тиіс.
Барлық слайдтардың өлшемі 16:9 форматына сәйкес болуы тиіс.

✳️ Бір слайдта 6 сөйлемнен артық болмауы тиіс. Әр сөйлем қысқа болып, негізгі ойды жеткізуі керек.

Тақырыптық тапсырыс: жасанды интеллект пен Canva шаблондарын қолдануға болмайды.

Рецепттер
Рецепт — тағам дайындау бойынша нұсқаулық. Тек авторлық рецепттерді жариялаңыз, оларды өзіңіз тексерген болуыңыз керек. Сонымен қатар, дайындалған тағамның және дайындау кезеңдерінің нақты суреттерін орналастыруды ұсынамыз, себебі пайдаланушының күтуі шындықпен сәйкес болуы тиіс.
Талаптар:
  1. Рецепт кемінде 2 беттен тұруы керек.
  2. Шрифт өлшемі — 14 пт.
  3. Дайындалатын тағамның кемінде 1 иллюстрациясы болуы керек.
  4. Барлық ингредиенттердің тізімі болуы керек, олардың салмағы немесе көлемі көрсетілуі тиіс.
  5. Дайындау әдістері мен кезеңдері көрсетілуі қажет.
Рефлексияға арналған материалдар
Рефлексияға арналған материалдар – оқушыларға өз жағдайын, эмоцияларын, іс-әрекет нәтижелерін талдауға көмектесетін әдістемелік әзірлемелер.
  • Мұндай материалдар бет-әлпетті бейнелейтін карточкалар немесе эмоция спектрін көрсететін басқа да суреттер түрінде ұсынылуы мүмкін.
  • Іс-әрекетті рефлексиялауға арналған материалдар оқушыға жұмыс тәсілдері мен әдістерін түсінуге, сондай-ақ сабақ барысында өз жұмысының тиімділігін бағалауға көмектесуі тиіс.
  • Оқу материалының мазмұнын рефлексиялау үшін өткен тақырыпты саналы түрде түсінуге және оны бұрын өтілген материалдармен байланыстыруға мүмкіндік беретін материалдар қолданылады..
Сыйлық сертификаттары, купондар
Егер материал оқушыларға арналған болса, оны «Педагогикалық психология» саласына, нақтырақ айтқанда «Мотивациялық материалдар» пәніне жатқызу қажет.
Материалда автордың өзі әзірлеген дизайнерлік безендіру болуы тиіс. Жариялауға тек 2 сертификаттан немесе 3 купоннан тұратын немесе әртүрлі дизайны бар осы материалдардың комбинациясы қабылданады.
Сценарийлер
Бұл материалдар іс-шараның немесе театралдық қойылымның сценарийлерін қамтиды. Сценарийде рөлдер мен кейіпкерлердің репликалары болуы тиіс. Материалда қажет болған жағдайда, оның іске асырылуы үшін қажетті барлық қосымша элементтер мен кейіпкерлердің тізімі көрсетіледі. Материалда кем дегенде 5 толық толтырылған бет болуы керек, автордың өзі жасаған және ИИ қолданбай жазылған.
Тест, тренажерлар
Тренажёр бір ережені, теореманы немесе дағдыны меңгертуге арналған біртипті тапсырмалардан тұрады.
Тест біртектес сұрақтардан және бірнеше жауап нұсқаларынан тұрады. Кемінде 10 сұрақтан тұруы тиіс.

Біртектес сұрақтардан тұратын барлық материалдар, тесттерде орналастырылуы қажет. Мұндай материалдарды жариялаған кезде басқа түрлерді таңдап орналастыру келісімді бұзу болып табылады.

Егер тренажер көлемді мәтіндік есептерден/тапсырмалардан немесе шешімі толық әрі ауқымды есептеуді қажет ететін мысалдардан тұрса — материалда кемінде 10 осындай тапсырма болуы тиіс.
Егер тренажер қысқа тапсырмалардан тұрса (әр тапсырма – 1 сөйлем/1 сөз/ бір-екі әрекет жасайтын 1 үлгі), онда мұндай тренажерлар тек жиынтық түрінде қабылданады. Бұл жағдайда кемінде 50 тапсырмасы бар тренажерлар жиынтығы қажет. Мысалы, 10 тапсырмадан тұратын 5 тренажер немесе 25 тапсырмадан тұратын 2 тренажер және т.б.

Тренажерларда әр тапсырмадан кейін шешімдерді жазуға арналған орын бөлу қажет. Тапсырманың мақсатына сәйкес торкөздер, сызықтар немесе жақтаулар қолданылуы мүмкін.


Тізімдер, чек-парақтар
Мысалы: әдебиеттер тізімі, істер тізімі, іссапарға/жорыққа арналған заттар тізімі, мектепке қажетті құралдар тізімі.

Тізімдер графикалық безендіруді қамтуы қажет (жақтаулар, визуалды бөлгіштер, көрнекі ерекшеленген элементтер, иллюстрациялар).

Чек-парақтары — бұл белгілі бір үдерісте, жобада немесе жағдайда орындалуы немесе ескерілуі тиіс тапсырмалар, әрекеттер тізбегі. Мысалы: саяхатты жоспарлауға немесе емтиханға дайындыққа арналған чек-парақтар.
Тізімдер чек-парақ түрінде ұсынылуы мүмкін.

Материалда кемінде бір толтырылған бет және толтыруға арналған шаблон болуы тиіс.
Ұйымдастырушылар, планерлер, күнтізбелер, кестелер
Материалдар, тапсырмаларды жоспарлау және ұйымдастыру үшін арналған.
  • Күнтізбе жылдық немесе маусымдық болуы тиіс. Авторлық дизайн міндетті — графикалық безендіру болуы қажет.
  • Адвент-календарь қысқа кезеңге (1 айға) есептелуі мүмкін.
Міндетті түрде құрамында кемінде 3 әртүрлі бет болуы қажет. Әр бет бірегей болу керек (басқалардан кемінде 65% ерекшеленуі қажет).
Хабарландырулар мен шақырулар
Авторлық креативті дизайнды қамтиды. Дизайн бойынша кемінде 3 түрлі элемент, олардың 60%-ы бір-бірінен өзгеше болуы тиіс.
Көркем мәтіндер
Жүктеуге жасанды интеллектті қолданбай автордың өзі жасаған мәтіндері ғана қабылданады.
Шығармашылық мәтіндер — біртұтас шығарма түрінде ұсынылуы тиіс, онда проза немесе поэзия жанры оңай анықталуы керек.
Мәтіннің сюжеттік композициясы болуы тиіс:
Сюжет – оқиғалардың барысы, суреттер мен образдардың қозғалысы, оқиғалардың өзгеруі, олардың логикалық бірлігі мен байланысы.
Сюжет түрлері:
Оқиғалық сюжет – эпикалық поэмалар, батырлар жырлары, ертегілер, комедиялар, трагедиялар, әңгімелер, повестер мен романдардың мазмұнын анықтайды. Мұндай шығармаларда әдетте мынадай элементтер болады
Басталуы – сюжеттің қозғалысы басталатын оқиға.
Оқиғаның дамуы – сюжеттің басталу мен аяқталуы арасындағы барлық оқиғалар.
Кульминация – оқиғалардың ең жоғары және шешуші кезеңі, одан кейін оқиғалар жылдам аяқталуға ұмтылады.
Түйіні – сюжеттің аяқталуы. Түйін әртүрлі болуы мүмкін: бақытты, қайғылы, комедиялық немесе трагикомедиялық, сондай-ақ ашық аяқталған.
Сипаттамалық сюжет – бірінен кейін бірі болатын оқиғалардың тізбегі арқылы табиғат көріністерін (пейзаждар), ішкі бөлмелерді (интерьерлер), кейіпкерлердің сыртқы бейнесі мен ішкі әлемін (портреттік сипаттамалар, сезімдер мен ойларды) көрсетеді.
Оқырмандар күнделігі
Бұл материал автордың креативті дизайнымен қамтылған және кемінде 5 беттен тұратын әртүрлі беттерді қамтиды. Бірінші бет — мұқаба.
Шығармашылық (қолөнер, аппликация)
Бұл түрге мыналар жатады:
  • сурет салу, мүсіндеу бойынша мастер-класстар;
  • қолөнер мен аппликациялар үшін шаблондар;
  • оригами схемалары.
Материалда кемінде 5 иллюстрация болуы керек, оның ішінде дайын өнімнің суреті және материалмен жұмыс істеуге арналған толық нұсқаулық.

Шаблондар
Шаблондар — мәтіндік және графикалық ақпаратты толтыруға арналған алаңдары бар хаттар, конверттер және басқа материалдардың дайын нұсқалары. Шаблон кемінде 3 әртүрлі бет немесе слайдтан тұруы тиіс.

Жапсырмалар, грамоталар шаблон болып есептелмейді және олар тиісті түрде «Жапсырмалар», «Грамоталар» типінде жүктелуі қажет.

Электрондық сервистерге сілтемелер
Материал файл түрінде ұсынылады, онда сілтеме немесе QR-код болуы керек, сілтеме автор жасаған интерактивті тапсырмаға апарады. Электрондық сервис коммерциялық мақсатта пайдалану үшін тиісті лицензияға ие болуы тиіс. Материалға авторлық мұқаба әзірлеу қажет.