Сапа критерийлері
3-тармақ
3.1. Материалдың сипаттамасы
3.2 Материалдың мұқабасы
3.3 Материалдың атауы
3.4 Материалдың құрамы
3.5 Материал фильтрлері

3.1
3.1 Материалдың сипаттамасы
  • Материал түрі — жұмыс парағы/ойын/жадынама және т.б.;
  • Материалдың рөлі — білімді бекіту/тақырыпты пысықтау үшін және т.б.;
  • Атауды «» тырнақшаларына қоя отырып жазу керек, бұл іздеудің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
  • Infolesson маркетплейсінде жарияланған материалдарыңызға сілтеме беруге болады, бірақ 7–8 сілтемеден артық болмауы тиіс.
  • Жеке деректерге немесе жарнамалық мәтіндерге сілтемелер болмауы керек;
  • Смайлдар қолданылмауы тиіс;
  • Caps Lock қолданылмауы тиіс;
  • Бір сұрақ немесе леп белгісін қолданыңыз. Мысалы, !!! немесе ??? дұрыс емес.
  • Авторлық құқықтарды беру барысында Маркетплейске жарияланған материалдарыға сілтемелер көрсетілмеген.
  • Кемінде 800 таңба (бос орындарды қосқанда);
  • Бос жолдар және баспа қателері болмауы тиіс.
  • Сипаттама материал мәтінін қайталамауы керек.
  • Сипаттама материалдың мазмұнын, мақсатын және міндеттерін ашып көрсетуі тиіс.
Жалпы талаптар

3.2
3.2 Материалдың мұқабалары
Назар аударыңыз: материалдың ішкі мазмұны тек дұрыс безендірілген мұқабалар қосылғаннан кейін ғана тексеріледі.
Мұқаба генераторы

Генератордың шектеулері:


  1. Генератор pdf пішіміндегі файл негізінде жұмыс істейді.
  2. PDF файлдың ең үлкен өлшемі - 50 мб.
  3. Жасалған мұқабалардың ең көп саны - 15 дана. Егер бет саны бойынша материал көп болса, қалған беттер көрсетілмейді.
  4. Біз бір кездері болған генератордың дизайнын қайтара алмаймыз. Қайта құру кезінде дизайн мен материалдың орналасуы, каталогтағы материалдардың әртараптандырылуын қамтамасыз ету үшін кездейсоқ қалыптасады.
  5. Біз түстерді немесе орналасу опциясын таңдай алмаймыз, генератор оларды алгоритмдерге сүйене отырып таңдайды.
Авторлық мұқабалар

Авторлық мұқабаның сапасы:


  1. 1080 * 1080 пиксель. Мұқаба jpg форматында және иллюстрация сапасына сәйкес болуы керек.
  2. Материалдың барлық беттері мұқабаларда көрсетілуі керек. Егер бұл өте маңызды болса сіз жауап бетін жасыра аласыз, бірақ сипаттамада жауаптардың әзірлемеде бар екенін және мұқабада жасырылғанын жазуыңыз керек.
  3. Мұқабаларды өзіңіз жасаған болсаңыз, әзірлемеңіздің басқаларға қарағанда артықшылықтарын көрсетуді ұсынамыз.
  4. Мұқабалар кесілмеуі немесе бұрмаланбауы керек.
  5. Бір материалға ең көбі 15 мұқаба.
Авторлық мұқабаны жасау бойынша нұсқаулық
Әдістемелік әзірлемелер маркетплейсінің жетекші дизайнері авторлық мұқабаны онлайн-сервис арқылы қалай жасауға болатынын айтып береді.
Создание авторских обложек с помощью онлайн-сервиса
Старший дизайнер
Әдістемелік әзірлемелер маркетплейсінің жетекші дизайнері авторлық мұқабаны PowerPoint бағдарламасы арқылы қалай жасауға болатынын айтып береді.
Создание авторских обложек с помощью PowerPoint
Старший дизайнер

3.3
3.3 Материалдың атауы
Нені көрсету маңызды?
  1. Материал түрі — жұмыс парағы/ойын/ескертпе және т.б.
  2. Материалдың тақырыбы.
  3. Атауын тырнақшаларға («») салу, бұл іздеу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Мысалы: Жұмыс парағы «Қоғам дегеніміз не?»

Неден аулақ болу керек?
  • Смайликтерді қолданбау;
  • Артық таңбалардан аулақ болу. Мысалы, !!! немесе ???;
  • Caps Lock-пен жазудан бас тарту. Мысалы, ҚОҒАМТАНУДАН ЖҰМЫС ПАРАҒЫ;
  • Қателерді болдырмау.
  • Атауда қайталанатын элементтер болмауы керек. Мысалы: Жұмыс парағы. «Экологиялық мәдениет». Сынып сағаты (10 қазан) | «Экологиялық мәдениет» сынып сағатына жұмыс парағы.
  • Тапсырманың формулировкасын материалдың тақырыбы ретінде қолданбау керек. Мысалы:

❌Карточка-тенажёр «Санды бөлшегін тап»

✅ Карточка-тенажёр«Санның бөлшегі»


3.4
3.4 Материалдың құрамы
Егер бірнеше файлды жүктеу қажет болса, оларды zip пішіміндегі архивке біріктіру керек, себебі rar пішімі көптеген құрылғыларда ашылмайды.

Құрамдас материалдарға не енгізу маңызды?
  • Нұсқаулық;
  • Басып шығару үшін файлдар;
  • Экранда көрсету үшін файлдар;
  • Сабақ/ойын жүргізу немесе жоба орындау үшін қажетті қосымша элементтерді көрсету.

Материалдардың мысалдары: ойындар, лэпбуктер, сабақ жинағы және т.б.


☝️ Маңызды: Материал тұтас болуы тиіс және сипатталған барлық қажетті әдістемелік элементтерді қамтуы керек.

Әдістемелік материалдардың нұсқаулары:

  • Мұғалім үшін. Мұғалімге арналған нұсқаулық – бұл сабақтың тиімді және нәтижелі өтуіне көмектесетін маңызды элемент. Нұсқаулықта оқу процесінің сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері, жұмыс әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ ұсынылған материалдарды пайдалану бойынша ұсыныстар беріледі.

  • Оқушы үшін.Оқушыға тапсырманы орындау үшін қажетті қадамдарды түсінуге және дайындалуға көмек көрсетеді, сондай-ақ оқушының тәуелсіздігін қолдайды. Мысалы, дидактикалық ойынға арналған нұсқаулықта ойынның мақсаты, тапсырмалары мен ережелері, әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ материалдарды қолдану бойынша толық нұсқаулар мен кеңестер берілуі керек.
«Бланкілер мен құжат үлгілері» материал түрлері үшін нұсқаулық ретінде толтырылған үлгіні қоса беру қажет.

3.5
3.5 Фильтрлер
Материалдың мазмұнына сәйкес болуы тиіс
(жас тобы, сыныптар, пәннің мазмұны)
  • Материал түрі. Материалдың тек бір ғана түрін таңдау қажет.
  • Бағыты, саланы таңдаңыз*

  • *Әрбір нақты материал белгілі бір жас тобына арналып жасалуы тиіс. Ол басқа сыныптарға да сай келуі мүмкін, бірақ материал нақты арналған сыныпты көрсету қажет.
  • Егер материалдың түрі, тақырыбы мен мазмұны арасында сәйкессіздік анықталса, компания материалға құқықтарды беріп сату процесінен бас тарту құқығын өзінде сақтайды.
Материалдың түрін анықтау
Пример
  • Сабақтан тыс қызмет іс-шаралары білім беру бағдарламасын бекіту мен тереңдетуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл жерге пәндік плакаттар, гирляндалар сияқты қосымша ақпараттарды жатқызуға болады.
  • «Қосымша білім беру» фильтріне негізгі білім беру аясынан тыс білім беру жатады.
  • Материалдың тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес, бір бағыт, бір сала және бір сыныпты таңдау қажет.
© 2025 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс