Өзін-өзі жұмыспен қамтушы болу

Егер еңбек шарты қосымша қызметке тыйым салмаса, ӨӨЖҚ қатар

жүргізуге болады.


1
Сізде ЭЦҚ сақталған eGov Mobile қосымшасы орнатылып, тіркеуден өткен болуыңыз керек.

2
eSalyq Business қосымшасын жүктеп алыңыз.

3
Тілді таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.


4
Ашылған терезеде өзіңіздің ЖСН-ды енгізіп, «Egov Mobile арқылы кіру» батырмасын басыңыз.


5
Сізді автоматты түрде eGov Mobile қосымшасына өткізеді.
  • Кіру үшін құпия кодты енгізіп, «Қол қою» батырмасын басыңыз.
  • Құпия кодты қайта енгізіп, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  • eSalyq Business қосымшасына оралған соң, сізден 4 таңбалы құпия код ойлап табу сұралады.
  • Барлық кодтарды есте сақтаңыз.


6
eSalyq Business қосымша биометрияны қолданады. «Touch ID» немесе «Қазір емес» опциясын таңдаңыз.


7
«ӨӨЖҚ ретінде жалғастыру» опциясын таңдаңыз.


8
«Қызмет түрін қосу» батырмасын басыңыз.
  • Ашылған тізімнен «Білім саласындағы басқа қызметтер, басқа топтарға кірмейді / Прочая деятельность в области образования, не включенная в другие группировки» опциясын таңдаңыз.
Немесе ӨӨЖҚ ретінде тағы басқа қызметпен айналыссаңыз, сол режимдерді таңдаңыз.

  • «Қосу» батырмасын басыңыз.


9
Сіз бір қадам артқа оралып, таңдалған қызмет түрімен жалғастырасыз.

Жоғарғы сол жақтағы көрсеткіні басыңыз.



10
Содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.



11
📌 Мобильді қосымшаның функциялар мәзірі ашылады. «Өткізіп жіберу» батырмасын басыңыз – сонда сіз басты мәзірге өтесіз.

Алғашқы қызметті орындап, бірінші чекті өткізгеннен кейін сіз ресми түрде ӨӨЖҚ болып есептелесіз.

Жүзеге асырылмаған операциялар бойынша чек рәсімдеуге болмайды.

© 2026 Маркетплейс Infolesson
кері байланыс